15 Нау 2021
Жаңалықтар

Елу жылда-ел жаңа!

Елу жылда-ел жаңа! 59 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған мектебімізге күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңғырып, жаңарып қайтадан ашылу салтанаты өткізілді. Салтанатты іс- шарамызға Тарбағатай ауданы әкімі Смаилов Асхат Сейдахметұлы, Тарбағатай ауданының мәслихатының хатшысы Боғырбаев Асқар Жұмашұлы, Тұғыл ауылдық округінің әкімі Свенов Қанат Шеризатұлы, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері, мектепішілік ата- аналар комитетінің төрайымы, мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаздар қатысты. Жаңарған мектеп ғимаратының  ашылу салтанатының лентасын қию құрметі Тарбағатай ауданы әкімі Смаилов Асхат Сейдахметұлына және ардагер ұстазымыз Құсайынова Гульжанат  Құсайынқызына берілді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар