05 Қаң 2021
Страницы КГУ "Средняя школа имени Ш.Уалиханова"

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

 

Шоқан Уалиханов атындағы орта мектеп сонау 1932 жылдан бастау алған.

 8 жылдық Тополев-мыс мектебінен алатын 80 жылдан аса тарихы бар қарт мектеп, қара  шаңырақ. ЕскіТұғылдағы 2 ғана бөлмеден тұратын мектеп 30жыл бойы, яғни 1962 жылға дейін жүздеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарды.

1958 жылы Зайсан көлінің суы көтеріліп Тополев-мыс селолық советіне қарасты Тұмсық, Мойын, Тұғыл, Қарасуат ауылдарын су басып ауылды Новостройка, Приозерный деп атала бастаған кентке тұрғындар көшіріле бастады.  Сол кезде салынған алғашқы мектепке қазақтың ұлы ғалымы, оринталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклёрші Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың есімі берілген болатын.

 Содан бері 59 жыл бойы тамырын кенге жайған Тұғыл мектебі шоқтығы биік Шоқан есімін абройымен арқалап келеді. Алғашқы жылы мектепте 1000-нан аса бала оқып, білім алды.

Алтын ұя мектебімізді кемелді мектеп ордасына айландыруға әр кезенде әр буынның өкілдері өзіндік үлестерін қосқан. Мектеп түлектері Республикамыздың  түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүрсе, ТМД мен алыс шетелдерде  білікті маман ретінде өздерін көрсетіп жүр.58 жылда

Ш.Уалиханов атындағы мектептен ғылым докторы мен  кандидаттары, бір армия  генералы, полковник, кеңес қызметкерлері, мектеп  басшылары шықты.

Бүгінде мектебіміз аудандағы «үздік мектептер» қатарында. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта мектебімізде бірнеше үздік оқушылар ,“Алтын белгі” иегерлері және бірнеше спортшыларымыз әлем чемпионатында  мектебіміздің абройын әлемге танытты. 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар